Бүгін қаламыздың ең ірі «JLC» сүт өңдеу зауытының ұжымы №419 референдум участкесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Зауыт қызметкерлері елімізде болып жатқан саяси реформаларға бей-жай қарамай, еліміздің жарқын келешегі үшін дауыс берді.
«Біз үшін азаматтық борышымызды орындау маңызды. Елдің дамуына үлес қосу әрқайсымыздың парызымыз», – деді «JLC» сүт зауытының цех бастығы Әмина Арынбекова.
Еске салсақ, «JLC» сүт өңдеу зауыты – заманауи өндірістік кәсіпорын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі таңда зауыт 300-ге жуық қала тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, 60-тан астам өнім түрін шығарады.





























