Талдықорғанда ағаш отырғызу жалғасуда: Тағы 210 көшет отырғызылды
Облыс орталығы Талдықорған қаласында 200-ден аса ағаш көшеті егіліп, қала көркін келтіру жұмыстары жалғасын тапты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ағаштар Жансүгіров көшесінің бойында және орталық саябақ аумағында отырғызылған. Барлық көшеттер қарағай және жапырақты ағаштар.
Жалпы, биыл Талдықорған қаласында 12 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 2 мыңға жуығы көктемде отырғызылып, 10 мыңнан астамы күзде егілмек,
Сонымен қатар, қаланы...
Талдықорған әкімі тұрғындарды жеке өтінішпен қабылдады
Күні кеше Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қаланың 29 тұрғынының сұрақтары негізінен тұрғын үй кезегі, әлеуметтік салаға және ауланы абаттандыру, жер мәселесіне қатысты болды.
Қала басшысы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша сала басшыларына тапсырма берді.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы вице- министрі Аманғали Бердалин — Жетісу өңірінде
Іссапардың басты мақсаты – өңірдің аграрлық саласындағы қазіргі жағдаймен танысу, ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту шараларын талқылау болды.
Шаруалармен кездесуде ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жетісу облысы Қазақстанның ауыл шаруашылығында маңызды орын алатынын атап өтті. Өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 15,2%-ды құрайды.
2025 жылға қарай Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемі 23,7 млн гектарды құрайды, бұл...
Отан алдындағы борыш — ерлікке бастар жол
Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылының тумасы қатардағы жауынгер Нуридин Намеджанов - қазіргі таңда еліміздің шекарасын күзетіп жүрген жас сарбаздардың бірі. Ол - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша басқармасында Отан алдындағы перзенттік парызын адал атқарып жүр. Нуридин отбасындағы үш баланың бірі.
Мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзінің жан-жақты қабілетімен ерекшеленген шекарашы шахмат ойынына деген қызығушылығын...
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау іс-шарасы өтті
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Алматы қаласындағы Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер-нарколог маманы Анна Трубникова және ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери-медициналық бөлімінің бастығы, медицина қызметінің полковнигі Айдын Қандығатаев жеке құраммен кездесу өткізді.
Анна Трубникова «Есірткі, алкоголь және темекіні тұтынудың салдары және оның алдын алу» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісіп, зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізер кері әсерін...
Есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу және зиянды әдеттерден сақтандыру.
Аталған кездесуге Панфилов ауданы ауруханасының нарколог-фельдшері С.М.Қойбағаров арнайы шақыртылып, жеке құраммен ашық сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, олардың құқықтық салдары мен қоғамға...
«Ислам – экстремизм мен лаңкестікке қарсы» атты кездесуге сарбаздар қатысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы шекара басқармасының сарбаздары үшін маңызды тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара Үшарал қаласының орталық кітапханасында өтті.
«Ислам – экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбындағы кездесуге Алакөл ауданының бас имамы Серікбек Асқарұлы мен теолог-инспектор Саят Танысбаев арнайы шақырылды. Олар қатысушыларға дәстүрлі ислам құндылықтары туралы кеңінен мағлұмат беріп, дін атын жамылып жасалатын экстремистік әрекеттердің...
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 28 жоба пайдалануға берілді, 40-тан астам жоба іске асырылуда
Жетісу облысының Қытаймен шекаралас аумағындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында бүгінге дейін 28 жоба пайдалануға берілді, тағы 40-тан астамы іске асырылу сатысында. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 113,3 млрд теңгеден, ал белгіленген жобалардың жиынтық құны 682 млрд теңгеден асады. Аймақта қазірдің өзінде 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Бұл туралы жуырда Панфилов ауданында ұйымдастырылған пресс-тур барысында белгілі болды.
Журналистер...
Жетісу облысына – 3 жыл: шекаралық Панфилов ауданында 6 жаңа мектеп, 21 медициналық нысан салынды
Жетісу облысының шекаралық аймағы Панфилов ауданы – халқының саны және әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Облыс құрылғаннан бергі үш жыл ішінде аталған ауданда 6 жаңа мектеп, 21 медициналық нысан салынған. Бұл туралы жуырда аталмыш ауданның әлеуметтік және инвестициялық объектілерге пресс-тур барысында белгілі болды.
Пресс-турға қатысушылар бірінші болып Жаркентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды орта мектепте...
Жетісу облысына – 3 жыл: 15 жаңа мектеп салынды, биыл тағы 4 мектеп іске қосылады
Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі
едәуір жақсартылып, әлеуметтік нысандарды жаңарту 52% жетті. Осы орайда 15 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Ал биыл 1080 орынды 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Облыста үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен оқушы орындарының жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған жаңа мектептер салу...




























