2.7 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 12 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 195

Алғаш рет Қазақстан бойынша ең ауқымды спорттық жоба Жетісу облысында бастау алды

«Бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыты» - деп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасы бойынша Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастамалармен үндесіп жатыр. 2025 жылдың 19 сәуір күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында көптен күткен J LEAGUE жобасының ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе...

Талдықорған қаласында «Ауыл ойындары — 2025» турнирі өтті

Талдықорған қаласында «АУЫЛ» партиясының 25 жылдығына арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Ауыл ойындары - 2025» турнирі өтті. «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары Н.С. Ораш ашылу салтанатының алғашқы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің қонақтары Жетісу облысы маслихатының төрағасы Г.Қ. Тойлыбаева, облыстық, аудандық маслихат депутаттары «Ауыл» партиясының бұл бастамасына жоғары баға беріп, ыстық лебіздерін білдірді. Турнирге Жетісу...

Жетісу облысы әкімінің биылғы жылғы алғашқы халықпен кездесуі Сарқан ауданында өтті

Сарқан ауданында өткен биылғы жылғы алғашқы халықпен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталып, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде су және газбен қамту, жол жөндеу жұмыстарына баса назар аударды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, туризмді дамыту және инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сарқан ауданы ауылшаруашылық...

Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді. Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі»...

Әкімдер мектебі: Жүйелі жұмыс – нәтижелі басқару

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет пен «AMANAT» партиясының бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізді. Алқалы жиынның басты мақсаты — ауылдық округтерді кешенді дамытудың нақты әрі тиімді жолдарын айқындау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын кезең-кезеңімен жүзеге асырудың нақты кестесін әзірлеу. Жиынға Жетісу облысының басқарма басшылары, 122 ауылдық округтің...

Ер есімі-ел есінде

Ұлы Отан соғысының ардагері Алтай Ақылбекұлы 1910-1988 жылдары  Жетісу өңірі мен Кербұлақ аудандарына белгілі азамат болған. Соғыс және  еңбек ардагері Алтай Ақылбеков 1910 жылы бабаларының ата қонысы, қазіргі Шоқан ауылының маңындағы «Көшен тоған» деген жерде дүниеге келген. Отан соғысының ардагері атақты Сталинград шайқасына қатысқан, соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Ту», «Ленин» ордендерімен және «Ерлігі үшін», «Сталинградты азат еткені үшін» т.б....

Қарт майдангерге  құрмет

  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласында тұратын  соғыс ардагері Төлеубай Шектібаевқа құрмет көрсетілді.  Бұл жолы соғыс ардагеріне құрметті «Ясли сад «Нур Газиз» ЖШС жасады. Жетісу гарнизоны әскери қызметшілері тәрізді  әскери киім киген қолдарында гүл шоқтары бар балабақшада  тәрбиеленуші ұл-қыздар аталарын құттықтады. Бүлдіршіндер майдангер атамызға гүл шоқтарын беріп өздерінің Жеңіс күніне арналған тақпақтарын айтып берді. Көзі ашық, көңілі асқақ ардагер...

Жетісу облысына – 3 жыл: 30 спорт нысаны жаңадан салынды, спорт инфрақұрылымы 55,8% жаңартылды

Жетісу облысы құрылғалы бері 30 спорт нысаны жаңадан салынып, 3-еуі күрделі жөндеуден өткізілді. Осылайда үш жыл ішінде спорт саласының инфрақұрылымын жаңарту деңгейі 55,8% жетті. Атап айтқанда 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 спорт кешені, 2 күрес залы, 10 блок-модульді спорт кешені, 2 футбол манежі, 2 ангар үлгісіндегі спорт кешені, мұз аренасы, стадион, спортшыларға арналған тұрғын...

Жаңа бағыттар енгізілуде

Биылғы жылдың  «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жариялануы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға  тартуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталуда. Бұл ретте кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары  жалғасын табуда. Техникалық және кәсіби білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық күшейтіліп, еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беру мақсатында оқу орындарында жаңа бағыттар мен мамандықтар...

Баласы Жәлменденің Пышан едім…

Ақын, сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған «Баласы Жәлменденің Пышан едім» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Шығармашылық мұрасын сақтау, насихаттауға бағытталған жиын барысында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген  «ПЫШАН-ПЫРАҚ»  атты кітаптың тұсауы кесілді. Алғашқы сөз Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовке берілді. Ол «Қазақ халқының өткеніне үңіліп, ұлы тұлғаларды еске алу біз үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Бурабайда өткен...