2.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 170

ОТБАСЫ МЕН ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

📌«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті. 📝Күн тәртібінде Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтардың үлесін арттыру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. 🔹Аталған мәселе бойынша Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек...

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесі өтті

Кеңеске облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және кеңес мүшелері қатысты. 🔹Күн тәртібінде Жетісу облысында 2023-2027 жылдарға жоспарланған мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізу, жаңадан салынатын мәдениет нысандарының ашылуы туралы жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. 📝Өңірде 317 мәдениет және архив мекемелері халыққа қызмет көрсетеді: 138 мәдениет 149 кітапхана, 13 музей, оның ішінде 8 ауылда, 2 галерея, 11 архив, 4...

Жетісуда «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген жер қатынастарына қатысты тапсырмалардың орындалуы, аудандарда мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жай-күйі және комиссия құрамына енгізілген өзгерістер талқыланды. Отырыста партия филиалының төрағасы Арыстанғали Арын өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2024 жылы жоспарланған 90 мың гектардың орнына 128,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, жоспар...

Біртұтас ел — біртұтас жер

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!   «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігімен "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына" орай Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған, хабар – ошарсыз кеткен боздақтарымыздың туған туыстарын анықтау үшін, іздестіру жұмысы жүргізілуде. Осыған орай, тізімде көрсетілген батырларымызды танысаңыздар және туысы болсаңыз, біздің қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамызға, яғни (военкоматқа) хабарласуыңзды сұраймыз. Біздің мекенжаймыз: Н. Назарбаев д-лы, 31/33, тел 8(7282) 24-43-46.   Р/с № Ф.И.О. Дата рож...

Мазмұнға бай жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Үшарал жауынгерлік жасағына алпыс жыл» атты тарихи кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың таныстырылымына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Марат Нарбаев қатысып, еңбектің тарихи маңызын атап өтті. Үш тілде жарық көрген кітаптың авторлары – подполковник М.Қарекенов пен ефрейтор К.Елеубаева. Еңбекте Үшарал...

Үшарал шекара жасағына — 60 жыл

Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Үшарал шекара жасағының қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты - Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметі мен тарихын кеңінен таныстыру, сондай-ақ жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады. Іс-шара...

«Біз жүріп өткен жол» атты іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы боынша шекара басқармасының кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің жас сарбаздарымен «Бес толқын» бағдарламасы аясында іс-шара ұйымдастырылды. Алакөл шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған «Біз жүріп өткен жол» атты бұл шараны бөлімнің кітапханашысы Ж.Қабдолдаева өткізді. Іс-шара барысында жас сарбаздарға басқарманың тарихы мен жетістіктері таныстырылып, шекарашылардың ел қорғаудағы еңбегі дәріптелді. ҚР ҰҚК...

Жас шекарашылармен саптық дайындық сабағы өткізілді

Крылов атындағы орта мектептің «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық ұйымының 10-сынып оқушыларымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Басқұншы» шекара бөлімшесінің қатысуымен практикалық ашық сабақ өткізілді. Саптық дайындық - әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі. Ол оқушыларды тәртіпке, ұйымшылдыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке баулиды. Сонымен қатар, бұл -– Отан қорғаушы болуға даярлықтың алғашқы баспалдағы болып табылады. ҚР...

Батыр шекарашыны еске алды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында шекарашы Раджан Батырхановтың құрметіне арналған тақырыптық кеш өтті. Іс-шараға Шекара қызметінің ардагерлері - запастағы полковник Н.Мечетин және запастағы майор Ю.Денисенко қатысты. Кеш барысында батырдың ерлігі мен қызметтік жолы туралы естеліктер айтылып, жас шекарашыларға үлгі етілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Жаркен қаласында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқарма бастығының орынбасары подполковник Ә.Салмақбаев Жаркент қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шара барысында әскери қызметке қабылдау және Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ офицерлік запас өкілдерімен әңгімелесу өткізілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы...