«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесі өтті

187

Кеңеске облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және кеңес мүшелері қатысты.

🔹Күн тәртібінде Жетісу облысында 2023-2027 жылдарға жоспарланған мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізу, жаңадан салынатын мәдениет нысандарының ашылуы туралы жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.

📝Өңірде 317 мәдениет және архив мекемелері халыққа қызмет көрсетеді: 138 мәдениет 149 кітапхана, 13 музей, оның ішінде 8 ауылда, 2 галерея, 11 архив, 4 облыстық мекемелері жұмыс істеуде.

🔹Бұл туралы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы баяндама жасады.

💬Мәселен, облысымыздағы мәдени нысандар бойынша 2025 жылы Қаратал ауданы Көкпекті ауылы, Панфилов ауданы, Тұрпан ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Көксу ауданы Мұсабек ауылдық блокты — модульді клубы орнатылып қолданысқа берілді.
Өңірде 9 мәдениет нысанының жаңа құрылысын салуға бюджеттен қараджат бөлінді, оның ішіндегі 4 нысан 2024 жылдан 2025 жылға ауысқан болатын, қазіргі таңда дайындық деңгейі 70% құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айы. Қалған 5 нысан 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

— 2025 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша 4 халықаралық 513 облыстық деңгейде мәдени шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтарц жылы» аясында 2025 жылдың 9 айында «Еңбекпен ер атанғандар» тақырыбында көш керуені аудандарды аралап, 113 мәдени іс-шаралар өткізілді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ шығарылып, 112 ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды – дейді басқарма басшысы Қуаныш Сұлтанұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз