Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды
Осы орайда, жоғары білім саласындағы байланысты дамытудың мәні ерекше арта түсті. Бүгінде Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент оқиды.
– Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді. Олардың қатарында биыл пайдалануға берілген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар. Былтыр Қазақстанда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру...
Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағын инвестициямен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосудың маңызын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдында Ресейдің және Орталық Азия елдерінің Үкіметтерімен бірге өңірдің, жалпы еуразиялық кеңістіктің заманауи, қауіпсіз, орнықты көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында белсенді жұмысты жалғастыру міндеті тұрғанына назар аударды. 2030 жылға дейін 5 мың шақырымнан аса жаңа темір жол төсеп, 11 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған.
–«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін нақты қадам...
Президент Қазақстан мен Ресей арасында астықты терең өңдеудің бірлескен кластерін құру жобасын қарастыруды ұсынды
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы бірлескен жұмыстардың мүмкіндігі көп екенін мәлімдеді.
– Қазірдің өзінде оң нәтиже бар. Бірақ инновацияларды бірлесіп енгізуге екпін бере отырып, мол табысқа жетуге болады. Бұл арада агротехнологиялық стартаптар құру, жер игерудің дәл технологиясын кеңінен қолдану, заманауи агрологистикалық алаңдарды дамыту, құзыреттер орталығын жасанды интеллектіні пайдалана отырып қалыптастыру жөнінде сөз болып отыр. Ресей әлемдегі ірі астық өндіруші және тасымалдаушы...
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
– Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті мол аймақ. Оның жаһандық үдерістердегі қазіргі және келешектегі рөлі зор. Мұны...
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.
Астанада Өнер музейі ашылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Өнер музейін тамашалады.
Министр 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған музей экспозициясымен танысты. Музейде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған аспаптарға ерекше назар аударылған. Атап айтсақ, желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және басқа да көне аспаптар бар. Барлық экспонатты музей қызметкерлері қолдан жасаған. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық киімдер залы мен мекеменің шеберханасы...
Қазақстан әлемдік үздік 500 университеттің қатарына енді және жаһандық рейтингте аймақтық көшбасшы атанды
Қазақстан жоғары білім беру саласында алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды: Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде бірден бес отандық жоғары оқу орны жаһандық тізімге енді. Ең басты жетістік – Назарбаев университетінің 401-500 диапазонына кіруі, бұл – қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтер тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қазақстан аймақтағы көшбасшылығын нығайтты
2025 жылғы нәтижелер бойынша Қазақстан Орталық Азия мен...
Жетісу облысында жержаңғақ өсіріле бастады
Жетісу облысында алғаш рет жержаңғақ өсіріле бастады. Биыл Ақсу ауданының шаруалары бұршақ тұқымдас дақылдармен қатар жержаңғақ егуді қолға алды. Мұндай дақылдар құрғақшылыққа төзімді келеді. Ауыл шаруашылығы мамандырының айтуынша, өнімділігі жоғары әрі пайдалы жержаңғақ Жетісудың жаңа брендіне айналуы әбден мүмкін, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Жаңғақ немесе жержаңғақ – өңірімізге сұранысқа ие, дастарқанның көркін келтіретін пайдалы өнім....
Жасөспірімдер құқығы – мемлекет назарында
Жас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу — білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта №27 орта мектеп- гимназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бағытындағы 2025–2027 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспардың орындалуын бақылау мақсатында мониторингтік тексеріс жүргізілді.
Тексеріс жұмыстары аталмыш жоспардың жүзеге асырылуын бақылайтын азаматтық қоғам мүшелерінен құрылған...
Келесі жылдан бастап шаруалармен су беру бойынша келісімшарттар электронды форматта рәсімделеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр.
Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК...




























