Студенттер қашықтан білім алса да, оқу бағасы арзандамайды. Білім және ғылым министрінің орынбасары осындай мәлімдемені жасады,- деп хабарлайды  дереккөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Ал онлайн оқу кезінде мектеп бағдарламасын түсінбей қалған оқушыларға қосымша сабақ өткізуге рұқсат етілді. Оның күніне неше рет және қай уақытта болатынын мұғалім өзі шешеді.

Кешеге дейін онлайн режимде, енді әдеттегі жұмыс кестесіне көшкен мектептердің білім алушылары қатары көбейді. Өйткені Білім және ғылым министрі үшінші тоқсаннан жоғары сыныптарға да мектепке барып оқуға рұқсат берді. Ал жоғары оқу орындары біртіндеп штаттық режимге ауыстырылмақ.

«Бірінші курс студенттері бейінді мақсатта олар үшін оқу аралас форматта өтеді. Яғни, дәрістер онлайн форматта, ал семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар күндізгі форматта өтеді», — дейді Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов.

Бұған қоса, министр орынбасары студенттер онлайн білім алса да университеттер оқу ақысын арзандата алмайтындығын айтты. Өйткені оқу орындары техникалық базасын кеңейткен екен. Бұл  қыруар қаражатты қажет етеді.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK