-0 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 1 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 148

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ ЕМШАРА КАБИНЕТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді. Биылғы жылдың басынан бері Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған медициналық ұйымдарда екі адам қайтыс болғанын естеріңізге сала кетейік. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы мекемелерді тексеру кезінде елеулі бұзушылықтарды, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін лицензиялар мен шарттардың жоқтығын, дәрі-дәрмектерді сақтау...

Мәжіліс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. - Аталған құжатқа Сенат Парламентінің депутаттары бастамашылық жасап, осы жылдың 23 сәуірінде Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады. Заң орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді, - деді...

1 маусымда Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуға құжаттарды қабылдау басталды

1 маусымда Қазақстанның жас мамандары үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құруға бағытталған бірегей жоба – Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуға құжаттарды қабылдау басталды. 30 маусымға дейін 35 жастан аспаған, жоғары білімді, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, B1 деңгейінен төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген ел азаматтары pkrezerv.gov.kz сайтында өз өтінімдерін бере алады. Бұл туралы облыс әкімдігінде Қазақстан...

Құрбан айт мерекесінде гигиеналық ережелерді қатаң сақтаңыздар

Биыл Құрбан айт мерекесі маусым айының 6-8 күндеріне сәйкес келеді. Алдағы мерекеде сібір жарасы, бруцеллез, листериоз сияқты және басқа да аса қауіпті жұқпалы аурулардың, сондай-ақ жаппай тамақтан улану мен жіті ішек жұқпалы аурулардың туындауының алдын алу мақсатында гигиеналық ережелерді қатан сақтауды қажет. Мереке күндері құрбандық шалу үшін мал сою және басқа да іс-шаралар, сондай-ақ еске алу астары жаппай өткізілетіндіктен, келесі қарапайым...

Мемлекеттік қызмет пен көшбасшылықтың жаңа белесі

Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған, мемлекеттік басқару жүйесіне білікті де білімді жас мамандарды тартуға бағытталған бірегей жоба. Осы уақытқа дейін өткізілген үш іріктеу барысында 60 мыңнан астам үміткер бақ сынап, олардың арасынан 400 жас маман резервке алынды. Қазіргі таңда солардың 80%-ы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда табысты қызмет атқарып жүр. Бұл – жобаның тиімділігі...

Көк Туымыз – көгімізде, Елтаңбамыз – төрімізде, Әнұранымыз – жүрегімізде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран —  егемендіктің басты нышандары. Олар елдің өткені мен бүгіні, болашаққа деген сенімінің бейнесі болып табылады. Жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп, бұл күн халықты елдік пен бірлікке үндейтін маңызды мерекеге айналған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен шараға қатысып, «Байрағы биік елдің рухы асқақ болады....

Бейбіт Исабаев белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпірмен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев әкімдік ғимаратында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірді Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтап, Құрмет грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында облыс басшысы өнер иесінің Мемлекеттік сыйлықты иеленуі ұзақ жылғы шығармашылық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. - Еліміздегі...

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына рақымшылық жасалады

"Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы дайындалды. Заң жобасында мынадай тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылады: қылмыстық теріс қылық немесе жеңіл қылмыс жасаған адамдар; залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оның орнын толық өтеген не азаматтық талап қойылмаған адамдар; залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдар. Әлеуметтік осал...

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу және насихаттау мәселелері көтерілді. Салтанатты жиынға Алматы қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлері: Архив құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Алтынай Боданбекова, Мемлекеттік архивтің бас сақтаушысы Гүлбақыт Құрманжанова және бөлім басшысы Әйгерім Әлжанова қатысып, құнды баяндамалар жасап,...

Құрбан айт мейрамына орай еліміздегі ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

"Азаматтарға арналған үкімет" Құрбан айт мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті. "Құрметті қызмет алушылар! Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. 7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды. 9 маусымнан бастап барлық орталық әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.