1.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 1 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 146

Топ-100 студент: Білімгер жеңісі – білім ордасының жемісі

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенті республикалық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді. Колледждің үздік студенттерінің бірі, қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан Сәдуақас Дана Ілиясқызы «Toп 100 студент» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Аталған байқау жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен үздік студенттерді анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Конкурс қатысушылары оқу үлгерімімен қатар, қоғамдық белсенділігі, шығармашылық қабілеттері және ғылыми жетістіктері бойынша бағаланды. Дана...

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді. Мемлекет басшысы Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады. Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні...

Шоқан Уәлихановқа-190 жыл. Шығыстың жарық жұлдызы

В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері мен Талдықорған қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері бірлесіп, ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара ұлы тұлғаның тарихи рөлі мен ғылыми мұрасына шолу жасап, қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесінде қызмет етіп жүрген азаматтарға рухани серпін беру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Сымбат Мырзақасымова...

Интернетте тәулік бойы мониторинг жүргіземіз – Ішкі істер министрі

Елімізде киберқылмысқа қарсы күрес департаменті жұмыс істейді. Мамандар интернет желісіне тәулік бойы мониторинг жүргізіп, заңсыз сайттарды бұғаттайды. Осы бағыттағы жұмыс туралы толығырақ Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтып берді. - Балаларды қорғау мемлекеттік саясат пен министрліктің негізгі жұмыс бағыты. Бүгінде технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Әрине, технология, интернет білім алуға, қарым-қатынас құруға шексіз мүмкіндік береді. Дегенмен интернеттің қаупі де бар,...

Мектеп асханасы: аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескеріледі

Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірді әзірлеп, бекітті. — Мәзір балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған, онда жас санаттары, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Стандарт сондай-ақ шағын жинақталған мектептерде,...

Жетісу облысы құрылуының үш жылдығы аясында тағы 3 жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай тағы 3 әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, Алакөл ауданында өңірдегі үшінші Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Қаратал ауданында мәдениет үйі мен теннис орталығы ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өткен жылы Талдықорған қаласында, кейін Сарқан ауданында пайдалануға берілген еді. Енді...

Талапкер-2025. ЖОО-ға құжаттар қабылдау, шығармашылық емтихандар

Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау, білім беру гранттары конкурсына қатысу қашан басталатынын, сондай-ақ арнайы, шығармашылық емтихандардың өтетін уақытын жариялады. Бұл туралы ведомстваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз! 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!" - делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше: Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде...

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді...

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай жаңартылған энергия көздерінің он сегізінші нысаны іске қосылды

Бүгін Жетісу облысының құрылғанына үш жыл толуына орай өңірде жаңа су электр станциясы пайдалануға берілді. Қора өзенінде салынған бұл ГЭС – өңірдегі жаңартылған энергия көздерінің 18-ші нысаны. Жаңа ГЭС-тің жылдық қуаты 26 МВт, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Ескелді ауданының Қора өзеніндегі ГЭС-3 нысанын іске қосу салтанатында алдымен станция құрылысы туралы фильм көрсетіліп, ҚР Энергетика министрінің орынбасары...

Жетісудан шыққан танымал азаматтар облыстың 3 жылдығымен құттықтады

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай Жетісуда туған елімізге танымал тұлғалардың бейнеқұттықтаулары жолдануда. Құттықтаушылар қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, мәдениет, білім, спорт саласының қайраткерлері т.б. танымал азаматтар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алғашқылардың бірі болып құттықтағандардың ішінде қазақстандық ұшқыш, Әскери-әуе Күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетов те бар. «Құрметті жерлестер! Баршаңызды облыстың 3 жылдығымен...