2.1 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 31 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 140

️ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісу облысында спортты дамытуға бағытталған «J League» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» турнирінің ақтық кезеңі өз мәресіне жетті. ⚽️ Әр аудан мен қалада өткен іріктеу кезеңдерінде үздік шыққан командалар Талдықорған қаласында ұйымдастырылған ақтық кезеңде бақ сынады. 🏆Айта кетсек, спорттық іс-шара аясында балаларға арнайы спорттық киімдер, жазғы лагерьге жолдамалар, жаттықтырушыларға қаржылай көмек, сондай-ақ доптар берілді. 🏆ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ⬇️ 🎯2014-2015 жылғы жасөспірімдер І орын IT...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен жан-жақты ынтымақтастыққа ниет танытқаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты. Сондай-ақ Саммит жұмысына белсене атсалысып, өңірлік ынтымақтастыққа ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас мемлекеттердің басшыларына ризашылығын жеткізді. – Жиынға қатысып отырған Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сенімі мен ортақ күш-жігерінің нәтижесінде тату көршілік қарым-қатынасқа, достық пен қолдауға арқа сүйеген ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған үлгісі қалыптасты. Осы...

Талдықорған қаласы әкімі мектеп менторларымен жүздесті

Талдықорған қаласының әкімі Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы  Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлармен  кездесті. Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылында менторлармен бірлесіп атқарылған жұмыстар қортындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды. Еркін форматта өткен жиында менторлар өз ұсыныстары мен мектептегі өзекті мәселелерді ортаға салынып, ұсыныстар да айтылды. Қала басшысы Ернат Бәзіл айтылған ұсыныстарды қолдайтынын білдіріп, алдағы оқу жылын тың серпінмен бастауға тілектестік білдірді. «Өздеріңізге белгілі, облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың...

Мінсіз қызметтің жарқын үлгісі – Татьяна Шаповалова

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті тыл басқармасының іс-жүргізушісі Татьяна Шаповалова – саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған, кәсіби жолы жас буынға үлгі боларлық жан. 1994 жылы әскери қызметке шақырылып, алғашында байланыс торабында телефоншы қызметінен бастаған. 1997 жылдан бастап Шекара қызметінің түрлі бөлімдерінде абыройлы еңбек етті. Авиациялық эскадрильядан бастап, тыл қызметінің маңызды буындары – киім-кешекпен қамтамасыз ету, монша-кір жуу...

“Застава тарландары” РҚБ өкілімен патриоттық кездесу

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Қорғас” шекара бақылау басқармасында әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайту мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуге “Застава тарландары” республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, запастағы полковник Николай Мечетин арнайы шақырылды. Ардагер шекарашы өзінің бай әскери тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды ел қорғау жолында табанды болуға үндеді. Шара шекарашы жауынгерлердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери қызметке деген жауапкершілік...

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Балқаш көлі жағалауында демалушылардың игілігіне инженерлік желілер, яғни электр жарығы мен тұрмыстық қажеттілікке арналған су осы маусымда беріле бастайды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы - Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған. -...

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртудан кейін көлік қозғалысы үшін ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. Еске салсақ, Балқаш көліне көлікпен бару жағдайын жақсарту үшін көлге апаратын жол екі учаскеге бөлініп, жаңғырту жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, ұзындығы 27 км «Лепсі – Балқаш көлі» жолы...

Туберкулез ауруының деңгейі төмендеді

Елімізде медицина сапасы күннен күнге артуда.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы да бекітілді. Аталмыш жобаның  «Ұлт денсаулығы-біздің сәтті болашағымыздың негізі» бөлімінде сапалы және қолжетімді...

«Әке жолы – ізгі жол»атты тәрбиелік іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Үшарал қаласының Орталық кітапханасында Кәсіптік-техникалық оқу орталығының жас сарбаздарына арналған «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің 40398 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің әскери қызметшілері арнайы қонақ ретінде шақырылып, сарбаздарға жүрекжарды тілектерін білдірді. Қонақтар ел тыныштығын күзетіп жүрген жас шекарашыларға ризашылықтарын...

Мемлекеттік шекара – ұлт мақтанышы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Бескөл ауылының Д.Қонаев атындағы орта мектеп оқушыларына арналған ерекше іс-шара өтті. Бұл – шекара шебіндегі қызметтің маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күні болатын. Іс-шара барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызметімен жақынырақ танысты. Қорғаныс пен қауіпсіздіктің басты тірегі – қару-жарақ түрлері, арнайы құрал-жабдықтар, қызметтік иттердің...