«Қорғас торабы» трансшекаралық хабын дамыту аясында бүгінге дейін екі мың жұмыс орнын құрған 40 жоба іске асырылды
Жетісу облысында «Қорғас торабы» трансшекаралық хабын дамыту мақсатында инвестициялар тарту, жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде шаралар қабылдануда. Мәселен, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО-да екі мыңнан астам жұмыс орнын құрған 76 млрд. теңгелік 40 жоба іске асырылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, олардың қатарында қуаты...
Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес мемлекеттер деп атады
Мемлекеттерімізді ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан ортақ тарихи тамырластық, мәдени-рухани ұқсастық, салт-дәстүріміздің жақындығы секілді құндылықтар біріктіреді. Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ықпалдастық орнатқан. Атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын ілгерілету, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелері бойынша ұстанымдарымыз...
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
🟦Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.
– Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік...
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Құрметті Президент Сердар Гурбангулыевич, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен қош келдіңіз! Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайды. Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға...
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жетісу облысы Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапары барысында Жетісу облысының Ескелді ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының өңірде іске асырылуы болды.
Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов кездесуді ашып, өңірде әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз...
ТІКЕЛЕЙ ШАРТ ЖАСАСУ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛАПТАР
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
Сатып алынатын тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды немесе қызметтерді алу;
Мемлекеттік органның тиісті өкілеттіктеріне сәйкес, оның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 100%-ы мемлекетке...
Облыста тұмау және ЖРВИ бойынша жағдай бақылауда
Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, эпидмаусым басталғалы өңір бойынша жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелді, оның 30 912-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Медициналық ұйымдарда вирустың өсуін ескере отырып, МСАК деңгейінде 29 мобильді бригада, 25 сүзгі кабинеті және азаматтарға кеңес беретін 48 телефон желісі жұмыс істеп тұр. Шұғыл көмек...
Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты.
Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.
Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік...
«Таза Қазақстан»: Жетісудың Панфилов ауданында бір жаңа саябақ салынып, тағы екі саябақ жөнделді
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында демеушілердің қолдауымен Жетісудың Панфилов ауданы Талды ауылында бір саябақ салынса, келесі жылы Жаркент қаласында тағы бір жаңа саябақтың құрылысы жоспарланып отыр. Сол сияқты жергілікті бюджеттен Атамекен ауылындағы және аудан орталығындағы саябақтар жөнделді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, Панфилов...
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде еліміздегізаманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Инновациялық зертхана студенттердің инженерлік және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Fab-Lab (Fabrication Laboratory) — әлемнің жетекші оқу орындары қолданатын цифрлық өндіріс зертханалары желісінің халықаралық форматы.
Зертхана үш негізгі бағытта жұмыс істейді:- Робототехника зертханасы – NAO гуманоид роботтары мен WorldSkills стандарттарына сай платформалар арқылы құрастыру және бағдарламалау...





























