ТІКЕЛЕЙ ШАРТ ЖАСАСУ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛАПТАР

42

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

Сатып алынатын тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды немесе қызметтерді алу;

Мемлекеттік органның тиісті өкілеттіктеріне сәйкес, оның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 100%-ы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден немесе мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұған қоса, көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алу және аталған іс-шараларға қатысу үшін ақы төлеуді қарастыратын шарттар да бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Алайда, мұндай тәсілді қолдану тек монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды өндіретін немесе қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы қорытындысы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 16 маусымдағы №6 бұйрығымен «Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасау мен қызмет көрсетуге қатысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың басқа мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары» бекітілді.

Осы Қағида мемлекеттік сатып алу процесінде бір көзден алу тәсілін қолдану үшін негіз болатын қорытындыны алу тәртібін айқындайды. Сондықтан, монополияға қарсы органның қорытындысын алу кезінде аталған Қағидада белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз