14.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 132

Панфилов шекарашылары ерлікпен қаза тапқан сарбаздарды еске алды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында Панфилов шекара жасағының капитан Рослов бастаған заставасы Ярим мен Афридж қышлақтарының арасындағы Зардевской шатқалында торуылға түсуі салдарынан қаза тапқан 19 жауынгерді еске алу шарасы өткізілді. Жиын барысында жауынгерлердің ерлігі, олардың әскери борышқа адалдығы мен қайсарлығы туралы тағылымды деректер айтылып, Отан үшін жанын қиған сарбаздардың рухына тағзым жасалды....

Мемлекет міндеттемелерін орындайды: шағын және орта бизнес несиесіне субсидия ала бастады

Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді. Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті. «Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ...

«Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын 2024 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша Жетісу облысының «Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырады. Әріптестік қарым-қатынастарды нығайту, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына ашықтығын және сенімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №429 «2024 жылдың қорытындысы бойынша...

Қазақстанда алғаш рет кәсіби бағдар беруге арналған бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді

Қазақстанда алғаш рет кәсіби бағдар беруге арналған бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған бұл нұсқаулық барлық мектептерге таратылып, 1–11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүйелі, бірізді және түсінікті форматқа көшіруді көздейді. Нұсқаулық оқушылардың қызығушылығын, еңбек нарығындағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып әзірленген. Ол оқушылардың жеке қабілеттерін тереңірек тануына, қазіргі еңбек нарығының талаптарын түсінуіне...

«Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты

«Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдени астана мәртебесі өңір үшін құрмет қана емес, сонымен бірге түркі әлемінің бай мұрасын...

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып жатқандығының көрсеткіші. e-Qyzmet жүйесі – мемлекеттік басқаруды цифрлық жаңғыртудың негізгі элементі және ұлттық кадр саясатын іске асырудың маңызды құралы. Жүйе HR-процестерді толық автоматтандырып, кадрлық деректерді орталықтандырады. Бюрократиялық кедергілерді жойып, субъективті шешімдер қабылдау тәуекелін...

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті. Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен президенттердің тапсырмалары талқыланды. Отырыс барысында 2026 жылға арналған ТҮРКСОЙ ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының қорытындысы шығарылды. Аида...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген сөзі

Құрметті ауыл әкімдері! Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ....

Қазақстанның егемендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның егемендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған ең биік мақсат. Мен ел Президенті ретінде бұл мақсатты орындау үшін барлық күш-жігерімді саламын»

Мемлекет басшысы ауылдағы оң өзгерістерге тоқталды

«Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданды. Биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды. 2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет...