Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын 2024 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша Жетісу облысының «Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырады.
Әріптестік қарым-қатынастарды нығайту, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына ашықтығын және сенімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №429 «2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші», «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» атағы лауреаттарын таңдау критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес түрлі номинациялар бойынша лауреаттар анықталды.
Конкурстың негізгі мақсаты – экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істеп жатқан салық төлеушілердің жетістіктерін атап өту, адал, ашық және сауатты бизнес жүргізуді дәріптеу, Қазақстанның экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін салық төлеушілердің қызметіне қоғамның назарын аудару!
Жетісу облысы жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты іс-шарасы 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 11:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, 5 қабат, конференц-зал.
Жетісу облысы мен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып жатқан бизнес көшбасшыларын қолдауға келіңіздер. Біздің мақсатымыз – адал және ашық бизнесті дәріптеу!
үй Жаңалықтар «Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсімі...





























