Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер
Бұған дейінгі мақаламызда («Реформалар мәні – 5: Ықпалды Парламент») еліміздегі өкілді биліктің трансформациясы туралы сөз қозғаған едік. Содан бері реформалар одан әрі жалғасын тауып, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Қоғамның елді жаңарту мен жаңғыртуды көздейтін сұранысына жауап беретін бұл тарихи таңдау ұлт бірлігінің берік негізіне айналып, тұрақсыздық белең...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз»
Мемлекет басшысының пайымдауынша, ғылым қалашықтары мен қарқынды дамитын қалалар инвестиция және жаңа технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс.
– Осы міндетті іске асыру үшін тиісті тұжырымдама қабылданды. Бұл концепцияға сәйкес мықты ғылыми- технологиялық парктер құру жоспарланып отыр. Менің тапсырмам бойынша Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру жұмысы басталып кетті. Парламент осындай қалашықтардың құқықтық мәртебесін және қаржыландыру тетіктерін айқындайтын заң жобасын қарап...
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік, ғылыми, инженерлік-техникалық мамандарды сапалы даярлауға күш салудың маңызына тоқталды
Өздеріңізге мәлім, биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияладым. Яғни Қазақстанды ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамытып, техника мен өндірістік процестерді арттыру үшін шара қабылдауымыз керек. Менің ойымша, бізде заңгерлер, филологтар мен дипломаттар, яғни, гуманитарлық сала мамандары өте көп. Ұлттың менталитетін өзгертуіміз керек. Ал ол қалай өзгереді? Ол үшін ғылым мен технологияға мойын бұруымыз қажет. Бұл біздің қолымыздан келмей ме?...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Стратегиялық мақсатымыз – ғылым мен инновацияға келетін инвестицияны еселеу. Бұл іске жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер де атсалысуы қажет»
✔️Президент инновациялық саясатты жүргізу құзыреті Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілгенін, «Индустриялық PhD» мамандарын даярлау бағдарламасы іске қосылғанын, іргелі зерттеулерді тұрақты қаржыландыру тетігі енгізілгенін, сондай-ақ жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеудің жаңа әдістемесі заң жүзінде бекітілгенін алға тартты.
– Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ. Бұл жағдайдың себептерін анықтауымыз керек. Ғылым академиясы, тиісті институттар,...
Мемлекет басшысы: «Ғылыми әзірлемелер елге нақты пайда әкелуі керек»
Өкінішке қарай, бұл бұлжымас аксиоманы қайталауға тура келіп тұр.
– Ғылым қорына инновацияны ынталандыруға арналған жаңа құзыреттер берілді. Бірақ жұмыстың нәтижесі жоқ. Қордың қызметін қайта саралау қажет. Өзімізді алдаудың не қажеті бар? Ғылым бар сияқты, бірақ оның нақты пайдасын көрмей отырмыз. Маған үш мыңнан астам қолданбалы ғылыми жобаның тек 193-і ғана коммерцияландыруға лайық деп танылғаны, ал нарыққа бар-жоғы 29 жоба...
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек, қаражатты басымдықтарға қарай жұмсаған жөн деп санайды
– Мемлекет соңғы алты жылда ғылымға арналған қаржыны бірнеше есе ұлғайтты. Жыл сайын ғылымға 200 миллиард теңгеден астам, тіпті, бұдан да көп, 500 миллион доллардан аса қаржы бөлінеді. Бұл – Қазақстан үшін қомақты ақша. Алайда ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін әзірге көре алмай отырмыз. Бас прокуратура салалық министрлікте және Ғылым қорында көптеген әрі ауқымды қаржылық заңбұзушылықтарға жол берілгенін әшкереледі. Неліктен...
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.
🟦ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті.
🟦Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300...
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия жүргізуге бастамашылық жасады. Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады.
Ел тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу қарастырылып отыр. Оның аясында жеке тұлғалардың орындалмаған әкімшілік айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесі қаралады.
Қазіргі уақытта Ішкі істер...
Ұлттық киім күні аталып өтті
Ұлттық киім күніне орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әйел әскери қызметшілері ұлттық киім киіп, мерекенің мән-маңызын айшықтады.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет көрсетілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында әскери қызметшілердің адал қызметі атап өтіліп, оларға алғыс білдіріліп, алдағы өмір жолына сәттілік тілектер айтылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























