Талдықорғанда қарттарға құрмет көрсетілді

123

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті — ата-бабамыз десек, еш қателеспейміз. Салтанат сарайында алдағы ұлық мереке Республика күні мен Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты  шара өтті. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл    қаланың  белсенді ардагерлермен кездесті.

Ернат Бәзіл: «Құрметті абзал ағалар, қадірменді ардагерлер, қадірлі асыл аналар, сіздер әрқашан  да құрметке лайықсыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыздың жүріп өткен жолдарыңыз бен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Бүгін  біз үлкенді үлгі тұту, аға буын өкілдерінің еңбектерін, ел дамуына қосқан үлестеріңізді құрметтеу мақсатында осы салтанатта бас қосып отырмыз.1980 жылдары құрылған қалалық ардагерлер кеңесі спорттық, мәдени, түрлі байқауларды ұйымдастыруда белсенділік танытып келеді. Жалпы қалада 26 мыңнан аса зейнеткерлер бар. Айтулы мереке қаламызда бір айға жалғасқан акция түрінде өткізіліп келеді. Әр мекеме, кәсіпорын  ардагерлерді құрметтеп, қайырымдылық көмек көрсетуде. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін».

Ата жолын жалғап келе жатқан ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз  бала тәрбиесіне, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласады. Қала әкімі Ернат Бәзіл бір топ ардагерлерге Алғыс хат табыстады.  Мерекеге орай белсенді қарттар қалалық ардагерлер кеңесінің де марапатына  ие болды. Шара қонақтары қала өнерпаздарының әсем әндерін тыңдап, көңілдері көтеріліп қалды.

Кездесу соңы мейрамханадағы түскі асқа ұласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз