Жетісулық шекарашы сарбаздармен көрсетілім сабағы өтті

6

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне
қарасты Алакөл аулданы бойынша шекара басқармасының Техникалық
және кәсіби даярлық бөлімінде «Күз-2024» мерзімді әскери
қызметшілерімен көрсетілім сабағы өтті.
Әскери өмірге алғашқы қадам жасаған сарбаздарга «ҚР ҰҚК Шекара
қызметінің қалыптасуы және даму тарихы» тақырыбында дәріс оқылды.
«Әскери қызметшілерді орналастыру және ішкі тәртіп», «Мерзімді қызмет
сарбаздарының әскери тамақтануы, заттай және ақшалай үлесі туралы
жалпы ережелерді зерделеу» тақырыптарында сабақ өтті.
Әскери плацта сарбаздарды азық-түлік, киім-кешек үлестерімен,
радиациалық, химиялық және бактериологиялық қорғаныспен, инженерлік
құралдарымен, қару-жарақ үлгілерімен және байланыс құралдарымен
таныстырды.
Плацта қызметтік итпен шекара бұзушыны ұстаудың әдіс-тәсілдерін
тамашалады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз