Білімгерлер студент қатарына қабылданды

13

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Алғаш рет заманауи форматтағы студенттер қатарына қабылдау кеші ашық алаңда тойланды. Алаңда республикалық концерт өткізетін сахна тігілді.

Шараға Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева  қатысып, университет табалдырығын аттаған студенттердің білім жолына сәттілік тіледі.

Университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев  жас білімгерлерді құттықтап, студенттік билет табыс етті.

«Студенттік шақ – адам өмірінің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі. Әр күндеріңіз сапалы білім мен жарқын естеліктерге толы болсын!», – деді  Болат Абдұлдаұлы.

1 курс студенттері  Айару Жетпісбай мен Нұрсұлтан Тоқтасын ортаға шығып, студенттік ант  қабылдады. Салтанатты шараны облыстық филармония әншілері әнмен әрлеп, өнерпаздар бимен көркемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Іс-шара соңы мерекелік от -шашуға ұласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз