Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында қазақ халқының ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнап «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Байқауға 15-22 жас аралығындағы қалалық колледждердің 9 студенті қатысты.
Байқаудың 1-кезеңі «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарында поэзиялық шығармасын) жатқа мәнерлеп оқу; 2-кезеңі «Көңілім әнді ұғады» Абайдың әндерін орындау;
3-кезеңі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбына арналды.
Байқау нәтижесінде 1-орынды Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college» колледжінен Алуа Джумадилова, 2 орынды- Талдыкорған сервис жэне технология колледжінен Қаламқас Медетқызы, Талдыкорған жоғары политехникалык колледжі білімгері Александра Хатеновская, 3 орынды — Нұрзақ Алдияр Талдыкорған индустриялық колледжі, Айсана Үркімбаева Жоғары медициналық колледжінен, Ерсұлтан Ермекұлы К.Байсейітов атындағы саз колледждерінің қатысушылары иеленді. Ал ынталандыру жүлдесін Қарақат Бағланқызы мен Қыдыр Ерасыл еншіледі.
Сандуғаш Арнайқызы,
«Талдықорған қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы