Маңдайалды жетісулық шекара бөлімшесі

92

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл
ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жетісу» шекара бөлімшесінің
тарихы тым тереңде.
Негізгі бастауын өткен ғасырдан алады. Жылнамасы бірнеше жылға
созылатын әскери ұжымды мамандығына адал қызмет еткен офицерлер басқарды.
Қазіргі кезде «Жетісу» шекара бөлімшесіне аға лейтенант Мадияр Шәріпбек
басшылық жасайды. Бұған дейін бірнеше лауазымды абыроймен атқарған
шекарашы офицер бөлімшенің қырағы қызметін жоғары деңгейде жалғастыруда.
Мемлекеттік шекараны заңсыз бұзуға талпынған шекара бұзушылардың
жолына тосқауыл бола білген жасыл күнқағарлылардың қызметіне халық риза.
Жылдың төрт мезгілінде қару асынған шекара наряды биылғы жылдың басынан
бастап шекара тәртібін бұзған бірнеше азамтты құрықтады.
Шекара шебін күзетудегі тәжірибесі мол жетісулық шекарашылардың
алдағы уақытта мол жетістікке қол жеткізетініне сенімдіміз!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз