Сұранысқа ие сүт өнімдері

65

Еңбек күніне орай Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нариман Естібаев және мәслихат депутаттары елімізге танымал «JLC» ЖШС кәсіпорнында болды.  «JLC» тауарлық таңбасы бар сүт өнімдерін шығарумен айналысатын еңбеккерлер биыл мерекені зор табыстармен қарсы алып отыр. Сүт өнімдерінің түрлерін көбейтумен қатар сүт қабылдау көлемін де арттыруда. Жиын барысында кәсіпорында көп жылдар бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға Талдықорған қаласының әкімі және қалалық мәслихат төрағасының атынан Алғыс хаттар табысталды. Талдықорған қаласы мәслихатының депутаттары Шалқар Оразбаев пен Гүлниса Тұлымшақова еңбеккерлер алдында сөз сөйлеп, ҚР Президентінің Жолдауында айтылған бағыттарды түсіндірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз