АЭС салудағы басты мақсат – энергия тапшылығының алдын алу

103

Қазақстан өзінің дамуын белгілі бір дәрежеге жеткізу үшін үлкен инфрақұрылымды жоба жасау керек. Сол жобаның ішіне АЭС-те кіреді. Егер біреуге тәуелді болып қаламыз деп, ешкімді, ештеңені елге кіргізбейтін болсақ жағдайымыз мүшкіл болады. Сондықтан біз дамуымыз, ізденуіміз керек. АЭС – Қазақстанда өз орнын алуы керек деп есептеймін. Әрине біз өзіміздің ядролық технологияларымыздың барлығын дамытуымыз керек. Сол себепті АЭС салу дұрыс деп есептеймін. АЭС салудағы басты мақсат – болашақта туындауы мүмкін энергия тапшылығының алдын алу. Біздің елдің жоспары күн энергия көздерін 40 пайызға жеткізу. Газға 2035 жылы тыйым салынуы мүмкін. Бірақ уақытша газ электр станциялары болады. Мүмкіндігінше, су электр станцияларын да саламыз деген жоба бар. Бірақ Қазақстанда оның потенциалы төмен. Өйткені бізде су жоқ. Гидро электр станцияларының барлығын салып тастаған. Дегенмен қазір кішігірім станцияларды салуға болады. Бірақ оның өзі бірнеше пайызды ғана құрайтын болады. Сондықтан қазір Қазақстанға негізгі энергия шығаратын көз керек және ол – АЭС.  Атом энергиясы дүниежүзінде қарастырылған бірден-бір энергия көзі болып табылады.

Медеу Абишев, Ядролық физика маманы, сарапшы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз