Тұмауға қарсы иммундау басталды

10

ЖРВЖ, тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымы 1-қазаннан басталуына орай алдын алу шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде.

Тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту.  Жетісу облысында ағымдағы жылғы 18 қыркүйектен «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы ұйымдастырылып, тұмауға қарсы иммундау басталды. Иммундау міндетті түрде дәрігердің тексеріп қарап, денсаулық жағдайы бағаланғаннан және екпеге рұқсат берілгеннен кейін арнайы егу кабинетінде жүргізіледі. Облыста 449 егу пункті ұйымдастырылып отыр.

 Талдықорғанда өткен шараға облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Ұлттық сараптама орталығы» Жетісу облысы бойынша филиалы, облыстық денсаулық сақтау және Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.

«2024-2025 жылдары  эпидмаусымда барлығы 82 500 доза вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынуда.  Бұл тұрғыда айтқанда,  облыс халқының 12%-ын  қамту жоспарланды. Вакцина Ресей Федерациясында өндірілген, «Гриппол плюс» деп аталады»,- деп атап өтті Жетісу СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

 Иммундау бірінші кезекте қауіпті топтағы адамдар,    жабық мекемелердегі (балалар үйі, мүгедектер, қарттар  үйі, мектеп-интернаттары)  және жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар, созылмалы аурулары бар ересек адамдар, медициналық қызметкерлер, 2-ші, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер қамтылады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз