Талдықорған қаласындағы «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ –де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиналысы туралы хабарлама.
2024 ж 13 қыркүйегінде «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ –де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа орталықтың 38 қызмет алушы зейнеткерлері қатысты. Жиналысты мекеме басшысы Асет Джексемба ашып Жолдаумен таныстыру үшін мекеменің кеңесшісі Нұрғали Тортаевқа сөз берілді.
Н.Тортаев қызмет алушыларды Жолдаумен толық таныстырып, Президент депутаттарға өткен сессияда атқарылған жемісті жұмыстарына баға беріп, еліміздің саяси экономикалық, құқықтық, әлеуметтік дамуына септігін тигізетін 102 заң қабылданғанын атап өтті. Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқандығын, соңғы 5 жылда жасалған ауқымды реформаларды, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі өзгергендігін, азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып жаңа құндылықтар орнығуда екендігін атап өтті. Өз Жолдауында Президент алдағы атқарылатын жұмыстың нақты 9 бағытына жеке тоқталып өтті. Жиналыста 2024 жылдың 6 қазанында өтілетін жалпыұлттық референдум туралы толық мағлұмат берілді. Президент, әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқандығын, экономикамыздың дамуы үшін мол энергияның қажеттілігін, мұндай сұранысты тек атом энергетикасы қамтамасыз ете алатындығына тоқталды. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты дәл солай болуы керек. Шын мәнінде, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат, деп атап өтті. Жиналыста қызмет алушылар осы мәселе төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып бірауыздан Мемлекет басшысының пікірін қолдап референдумда өз қолдауларын біліретін болып тарасты.