Әдеп жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қабылдады

103

Талдықорған қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Абылхан Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөліміне және Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне бас маманы ретінде жаңадан тағайындалған Азамат Оразбекті және Мирас Қанатұлын қабылдады.

Қабылдау барысында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының және «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» талаптары мен негізгі қағидаттары туралы айтылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқаратындықтан, әр мемлекеттік қызметші өз тарапынан саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз