Облыстағы көмір қоймаларында 30,2 мың тонна көмір бар

144

Өңір тұрғындарын көмірмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында бүгінде облыс аумағына тәулігіне орташа есеппен 13 вагон немесе 897 тонна қатты отын жеткізілуде.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінгі таңда облыс көлемінде 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. Бүгінде оларда 30,2 мың тонна көмір жатыр, соның ішінде «Шұбаркөл» — 19,2 «Қаражыра» — 11 мың тонна.

 «Бүгінгі күні облыста көмірдің орташа бағасы 18 600-20 000 теңге. Темір жол қатынасы жоқ аудандарда жеткізу қашықтығына қарай баға 25 000 — 28 000 теңге шамасында», — делінген басқарманың ақпаратында.

Жалпы 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы халықтың көмірді тұтыну қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрайды. Бүгінге дейін халыққа 76,4 мың тонна көмір сатылды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан-қала әкімдіктері өңір халқын ауа райының қолайлы кезінде қысқа қажетті көмір қорын түсіріп алуға шақырады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз