- Жыл басынан ауыл шаруашылық техникалық паркін жаңарту мақсатында жыл басынан 1 млрд. 440 млн. 204 мың теңгеге 57 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.
- Жыл соңына дейін Сарқанда 120 пәтерлі 2 бес қабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталған. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Компания Строй Индустрия» ЖШС. Пәтер саны 120, оның ішінде 1 бөлмелі — 30, 2 бөлмелі — 30, 3 бөлмелі — 60. Нысанда 28 адам, 1 техника жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстарының аяқтау мерзімі 2024 жыл.
- Қазіргі уақытта 27 тұрғын үйдің іргетасы құйылып, оның ішінде 21 тұрғын үйдің керегесі көтеріліп, 16 тұрғын үйдің шатыры жабылған.