2024 жылы облыста мүгедектерді оңалтуға 4,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 525,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен — 3,2 млрд. теңге, ЖСТ — 1,0 млрд. теңге, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік баңдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедектер саны 11 776 адам болса, соның 9462-сі немесе 80,3% тиісті құралдармен қамтамасыз етілген. Республикадағы бұл орташа көрсеткіш – 70,8%.
«Оның ішінде ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз ету — 99,7%, жеке көмекшінің қызметімен қамту — 99,0%, міндетті гигиеналық құралдар беру — 95,8%, арнайы жүріп-тұру, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен қамту 90-92% көрсеткішке жетті», — делінген басқарманың хабарламасында.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.