Жетісуда Домбыра күнінде бір мезгілде 3 мың адам күй тартады

181

Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай 7 шілдеде облыс орталығы Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында облыстағы мәдениет мекемелерінің домбырашыларымен бірге бір мезетте аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары — барлығы 3 мың адам Инстаграм, Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі мәдениет мекелерінің парақшаларында тікелей эфирге қосылып, Таңатар Алшабековтің «Жетісу күйін» орындайды деп күтілуде. Бұл саябақта өтетін «Үкілі домбыра» атты мәдени іс-шарасы аясында  ұйымдастырылмақ.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне қарағанда, Талдықорғандағы мерекелік шараға Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбльдер, өнер үйірмелерінің балалары қатысып, концерттік бағдарлама ұсынады. Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырады.

Сондай-ақ, облыстың барлық аудандары мен қалаларының орталық алаңдарында домбыра күніне арналған шаралар өткізілетін болады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз