Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы құрылады

141

Биыл күзде Астанада V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Айтулы шараға 89 мемлекет қатысатынын растады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті.

«Көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ойындар 21 спорт түрінен өтеді, оның ішінде ұлттық ойындар да бар. Ол үшін 7 спорт кешенінде дайындық жүріп жатыр. Сол сияқты «Қазанат» ипподромы маңында қазақ ауылын құратын боламыз, яғни киіз үйлер тігіледі»,- деді Серік Жарасбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат бере тұрып.

Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде ұлттық ғылыми конференция өткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі күні 89 ел көшпенділер ойындарына қатысатындығын растады және оны 100 мемлекетке дейін жеткіземіз деген сенімдеміз. Делегация, спортшыларды қосқанда 2500-ден аса қонақ келеді деп күтіп отырмыз. Шетелдік меймандарды күтіп алып, орналастыру үшін елорда әкімдігімен бірлесіп 32 қонақ үйді дайындап жатырмыз», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада ШЫҰ саммитіне келген меймандарға көшпенділер ойындарына дайындық барысы таныстырылды.

Шетелдік делегаттар арасында Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия және Чехиядан келген делегаттар мен журналистер бар.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Қазақстанда өтетіні былтыр қазанда белгілі болды.

Ал биыл наурызда алғашқы билет сатылды.

Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз