Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы көрсетіледі

241

Леонардо да Винчидің ең жұмбақ әрі құнды жауһар туындыларының бірі – La Bella Principessa Варшава кодексінің Сфорциядасынан алынған сурет. Қылқалам шеберінің пергаменттегі жалғыз туындысы Қазақстан жұртшылығының назарына ұсынылмақ.

Бұл мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.

La Bella Principessa — XV ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған италиялық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті. Астанадағы Италия елшілігінің хабарлауынша, бұл туынды шебердің ең жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұған дейін картина әлем бойынша 5 рет қана қойылған.

— Мәдениетті ілгерілету — Италия мен Қазақстан арасындағы диалогтың қуатты қозғалтқышы. Леонардо – мәңгілік талант пен шығармашылық иесі. Оның бір туындысының Астанадағы көрмесі – екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың бірегей мүмкіндігі, — деп түсіндірді Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Марко Альберти.

«ForteBank» АҚ Басқарушы директоры Әлия Есжан Леонардо да Винчидің өлмес туындысын әр адам жоғары эмоциямен тамашалайтынына сенімді.

ҚазАқпарат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз