Елде ыңғайлы және сенімді «Bilim» ақпарат көзі іске қосылды. eGov Mobile мобильді қосымшасындағы қолжетімді жаңа сервис білім туралы барлық қажетті ақпаратты бір платформада ұсынады.
«Bilim» — бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген», — деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Атап өтейік, бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі