ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнектіжазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романының тұсаукесеріне қатысты.Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Сонымен қатар тарихшыларымыздың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына — 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады», — деген еді.
Бірнеше жылдар бойы аталған тақырыпта ізденген авторШыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жайлы терең және тың деректерді қалың оқырманға ұсынады.
Осылайша Жошының өмір жолын көрсетумен қатар, тың деректерге толы өмірінбаяндайды.
Шығарманың өн бойынан автордың көркем тілмен төгілте жазып, бұрын біз білмеген тарихи дерек көздеріне сүйенген оқиғаларды өрбіткенін байқаймыз.
ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті