Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Hackathon Antikor» IT хакатоны өтті

188

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Hackathon Antikor» IT хакатоны Талдықорған қаласында өтті. Бұл іс-шараны Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы, «Жетісу Жастары» КММ мен Жетісу облысы бойынша өңірлік It-Hub «JETISU DIGITAL» орталығы және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Іс-шара комплаенс-офицер өкілінің қатысуымен өтті.

     Жетісу облысы бойынша 50-ден астам қатысушы, 10 команда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі инновациялық технологиялар: мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін шешімдер жасау сынды тақырыптардағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін IT жоба құрастыру бойынша сынға түсті.

      Алдағы уақытта инновацияларды көтермелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес технологияларын құру, қоғамның әртүрлі салаларының өзара іс-қимылына жәрдемдесу және ашықтық пен адалдыққа ықпал ететін жобаларды қолдау жыл сайын ұйымдастырылатын болады.

HACKATHON ANTIKOR» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

IT хакатонда 10 команда бақ сынасты: «Generation of miracles», «Tech BIL», «Open Way», «Roflanich_squad», «Код Шрёдингера», «Sigmas», «Apollon Quest», «BT»ғ «Sunrise», «Digital Nomad».

3 орынды «Roflanich_squad» және «Код Шрёдингера» командалары иеленді.

2 орынды «Digital Nomad» командасы, ал 1  орынды «Sigmas» командасы қанжығалап, жеңіс тұғырынан көрінді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз