Азаматтарды қабылдау орталығы

101

            2023 жылдың 08 желтоқсанында Жетісу облысы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс Регламенті бекітілген. Орталықтың негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік органдардың консультациялар беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау үшін әмбебап алаң ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Жұмыс істеу кезіндегі талаптармен  қызметкерлер таныстырылған.

            Аталған Регламент бойынша жауапты қызметкерлер бекітілген. Орталықта «Консультация» аймағы жұмыс атқарады, аймақта  11 (он бір), қызметкер кеңес береді. Олар: Денсаулық сақтау басқармасы,Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы(2 маман кезекпен), Жер қатынастары басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы (2 маман кезекпен), Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімдері.

Азаматтарды қабылдау орталығы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, оның ішінде Жетісу облысы әкімі аппартының жанындағы (бұдан әрі – Орталық)  Азаматтарды қабылдау орталығының алаңында мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдауының тәртібін белгілейді.

Орталықтың негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ЖАО) консультациялар беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау үшін әмбебап алаң ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
  • мемлекеттік органдардың бірінші басшыларыныңжәне олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады
  • Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз