Жұмыртқа бағасы неліктен өсті?

574

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі дүкендерде жұмыртқа бағасы неліктен өскенін түсіндірді.- деп хабарлайды  taldykorgan-online.kz. басқа басылымдарға сілтеме жасап.

Ведомство басшысы қазір елімізде 5 млрд 100 миллионға жуық жұмыртқа өндіретін 34 құс фабрикасы бар екенін айтты. Жылына Қазақстан халқы 5 миллиард жұмыртқа сатып алады.

«Елімізде жұмыртқа бағасының өсуі байқалды. Яғни, маусымдық өсім болды», — деді Арман Шаққалиев.

Бұл саладағы өзгерістер үнемі маусымдық сипатта болады. Бұған үйренуіміз керек. Жазда жұмыртқа арзандаса, қыста қымбаттайды, бұған сабырмен қарау керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз