Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық қысқа мерзімдік оқуына шақырамыз.
Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтарда басталды, 29 қаңтарға дейін қабылданады.
Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады.
Өтінімді тіркелген жері бойынша жергілікті әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.
Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді т. б. үйренесіз.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізеді, сол сияқты қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті құқықтық көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б.
Барлық құжаттарды kzulydala@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.
Байланыс телефоны: 8 705 307 01 55.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы.