Жетісу облысында 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

262

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 835 жағдай тіркеліп, оның ішінде 593 зертханалық расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді.

«Жетісу облысында 100 мың халық санына шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 90,5 (ҚР — 156,7). Сырқаттанушылық облыстың барлық аумақтарында тіркелді, жоғары деңгейі Талдықорған қаласында (117,4 және 231 жағдай) және Алакөл (152,8 және 100ж.) , Панфилов ауданында (89,6 және 112 жағдай). Расталған жағдайлар арасында жас көрсеткіштері бойынша басым көпшілігін 5 жасқа дейінгі балалар – 56,7%. Жетісу облысы бойынша расталған жағдайлардың 80,4% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған», — деп атап өтті Асхат Чарапиев.

Облыста 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамтылды. Оның ішінде 6-10 айдағы балалар 3924, 2-4 жастағылар 27893, медициналық қызметкері 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын 5640. Облыста екпе алғандар саны күн сайын артып келеді.

«Вакцинацияға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы комбинирленген вакцина қолданылады. Бұл үндістандық препарат препарат «Serum Institute of India», ДДҰ-мен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Бұл вакцина елімізде 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Осыған қарамастан егуден бас тарту жағдайлары кездеседі, бас тарту себептері әр түрлі: жеке көзқарасына байланысты, діни сенімдерге байланысты, вакцинаға сенбеуден, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа көздерден алған ақпарат негізінде»-, деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 95% вакцинациялануы қажет. Осы көрсеткішке жеткенде сырқаттанушылық төмендейді. Бұл халыққа байланысты. Сондықтан эпидемиолог мамандардың айтуынша, медициналық шектеулер болмаса, екпе алған дұрыс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз