Жетісу облысында 18 жастағы егіз бауырлар Семен мен Данил Потапенко алғаш рет дауыс берді!

2
Screenshot

2008 жылы дүниеге келген Потопенко Семен Александрович пен Потопенко Даниил Александрович – Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Шымыр ауылының тұрғындары ,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда аталған азаматтар Талдықорған қаласындағы заң колледжінде білім алып, болашақ мамандықтарын меңгеруде.

Сайлау науқаны барысында Потопенко Семен Александрович пен Потопенко Даниил Александрович сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс беруге қатысты.

Олардың сайлау науқанына қатысуы – ел өміріндегі маңызды оқиғаларға деген қызығушылықтың, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділіктің көрінісі. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі.

Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Сондықтан жас буынның қоғамдық-саяси өмірге араласуы, маңызды мәселелерге бейжай қарамауы және азаматтық белсенділік танытуы ерекше мәнге ие.

Жастардың осындай қадамдары өскелең ұрпақ арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.

Ел болашағы білімді, саналы, отаншыл және белсенді жастардың қолында. Жастардың әрбір игі бастамасы мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз