Талдықорғанда барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

2

Бүгін 29 қараша елімізде мәслихат депутаттарын сайлау өтуде.

Қала аумағында барлығы 4 облыстық, 18 қалалық округтік және 68 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.

Сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы саны – 136 762. Олардың қатарында биыл 18 жасқа толған 2 952 жас сайлаушы бар. Оның ішінде 10 азамат дәл бүгін, яғни сайлау күні 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс бермек.

Сонымен қатар сайлаушылардың арасында ғасыр жасаған 3 қария бар. Олардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов.

Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтаевтың айтуынша, қала бойынша сайлауға дайындық жұмыстары толық жүргізілген.

– Бүгін барлық 68 сайлау учаскесі белгіленген уақытқа сәйкес таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуіне барлық қажетті жағдай жасалған. Қала бойынша 136 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады, – деді Әділет Рымтаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз