Жолдау: педагог мәртебесін нығайту басты назарда

1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру жүйесін дамыту, білім сапасын арттыру және педагог мәртебесін нығайту мәселелеріне айрықша назар аударды.

Атап айтқанда, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру, оқушыларға сапалы әрі қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және заманауи талаптарға сай қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру міндеттері алға қойылды. Әсіресе, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету және инклюзивті білім беруді дамыту – бүгінгі күннің маңызды міндеттері. Жолдауда педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау мәселесіне де ерекше мән берілді. Мұғалімнің негізгі міндеті – білім беру, оқушының қабілетін ашу және тұлғалық дамуына ықпал ету. Сондықтан педагогтерді артық жүктемеден, негізсіз қағазбастылықтан және оқу-тәрбие үдерісіне тікелей қатысы жоқ әкімшілік жұмыстардан арылту маңызды. Сонымен қатар мұғалімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіби еркіндігін қамтамасыз ету, еңбегін лайықты бағалау және қоғамдағы абырой-беделін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет. Өйткені сапалы білімнің негізінде кәсіби білікті, шығармашыл әрі өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын педагог тұрады.

Ақмарал Ардаққызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз