20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

430

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады.

Еске салайық, Азимбаевтар әулетінде үлкен қуаныш. Сабденбай Айсұлтан Мұхтарұлы   14 қарашада, таңғы 8-дер шамасында дүниеге келді. Нәресте отбасындағы 4-ші бала. Нәрестенің ата-анасы  Диана Талғатқызы мен Мұхтар Сабденұлы Талдықорған қаласында тұрады. 3 келі, 50 сантиметр болып дүниеге есігін ашқан батырдың  жағдайы жақсы.

Барша қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймыз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз