ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Сарқан шекара бөлімінің старшинасы, аға сержант Аян Смагулов сегіз отбасы тұратын офицерлер үйіне өз күшімен ғимаратты жылытуға арналған темір пеш орнатты.
Бұл бастама әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайын жақсартуға және әріптестеріне қолдау көрсетуге бағытталған. Аян Смагуловтың еңбегі жауапкершілік пен ұйымшылдықтың, ұжымға деген жанашырлықтың үлгісі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























