ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының байланыс және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің бастығы, майор Бақтияр Нұрсұлтан Үштөбе қаласындағы Бикен Римова атындағы және №13 орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу, іріктеу кезеңдері, дене даярлығы және әскери мамандықтар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар курсанттардың материалдық-әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен оқу аяқталғаннан кейінгі әскери қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























