Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

258

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Сүйінші жаңалықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді. Мемлекет басшысы  желідегі парақшасында отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша Қазақстан халқының саны 19 967 964 адамға жеткенін хабарлаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз