Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Талдықорған қаласында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» облыстық зияткерлік сайысы өтті.
Жетісу облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған байқауда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері 10 топтың арасынан жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлер қатарында «Нұр жолы» (жолаушылар) шекаралық бақылау бөлімінің кіші бақылаушысы, қатардағы жауынгер Самир Фазилов, «Нұр жолы» (жүк) шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушысы, ефрейтор Нуриддин Лебиров және «Алтынкөл» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімінің кіші бақылаушысы, қатардағы жауынгер Дильмурат Кахарманов бар.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























