Болашақ талапкерлерге әскери оқу орындары таныстырылды

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері, майор Б.Шөмшекбаев пен ҚР ҰҚК Шекара академиясының 4-курс курсанттары А.Қуанышев және Е.Нәрікбаев Көктал ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу, іріктеу кезеңдері, дене даярлығы және әскери мамандықтар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ курсанттардың материалдық-әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен оқу аяқталғаннан кейінгі әскери қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз