Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылды. Негізгі заң мемлекеттің даму бағыттарын айқындап қана қоймай, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Конституциялық өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік салаларды одан әрі жетілдіру. Өйткені халықтың денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы, ал сапалы медициналық көмек көрсету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Денсаулық сақтау жүйесі – мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Азаматтардың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру қоғамның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, конституциялық қағидаттарды іске асыру денсаулық сақтау саласының құқықтық негіздерін нығайтып, медициналық қызметті жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады. Денсаулық сақтау саласын дамытуда әрбір азаматтың медициналық көмек алуға құқығын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Медициналық қызметтердің қолжетімді болуы, әсіресе, шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындар, балалар, қарт адамдар және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін өзекті. Сондықтан алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, профилактикалық тексерулерді жетілдіру, ауруларды ерте анықтау және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау негізгі міндеттердің қатарында болуы тиіс. Сонымен қатар заманауи медициналық технологияларды енгізу, цифрландыру үдерістерін жетілдіру, медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар дәрігер мен пациент арасындағы өзара байланысты нығайтып, медициналық қызмет көрсету үдерісінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы білікті медицина мамандарына да тікелей байланысты. Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, үздіксіз білім алуына жағдай жасау, еңбек жағдайларын жақсарту және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін нығайту – сапалы медициналық көмектің маңызды алғышарттары. Сонымен бірге медициналық этика қағидаларын сақтау, пациенттердің жеке мәліметтерінің құпиялылығын қамтамасыз ету және әрбір адамның қадір-қасиетіне құрметпен қарау медициналық ұйымдар қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қорытындылай келе, Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарын басшылыққа алу – денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің маңызды негізі. Халық денсаулығын қорғау, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, профилактикалық бағытты күшейту және медицина қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін дамыту – ортақ жауапкершілікті талап ететін міндеттер. Дені сау ұлт – ел болашағының кепілі. Сондықтан әрбір медициналық ұйымның, әрбір медицина қызметкерінің және жалпы қоғамның басты мақсаты – адам өмірін сақтау, денсаулықты нығайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс еліміздің әлеуметтік дамуына, азаматтардың әл-ауқатының артуына және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына негіз болады.
Ақмарал Аманқызы, дәрігер




























