ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Айдала» шекара бөлімшесінде қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бөлімше старшинасы, сержант Бейсен Тұрсынқұлдың жұбайы Мадина Сағынайқызы да жеке құрамға қолдау білдіріп, қысқы азық-түлік қорын әзірлеуге атсалысты. Ол сарбаздар мен әскери қызметшілерге арнап көкөністер мен жеміс-жидектерден түрлі қысқы дайындамалар әзірледі.
Бейсен Тұрсынқұл әскери қызметін мерзімді қызметтен бастап, кейін осы салада еңбек жолын жалғастырған. Бірнеше жыл аға нұсқаушы болып қызмет атқарып, өткен жылдың тамыз айынан бастап бөлімше старшинасы міндетін атқарып келеді. Мадина Сағынайқызының бұл бастамасы шекарашыларға деген жанашырлықты, отбасы қолдауы мен әскери ұжымның ұйымшылдығын көрсетеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























