Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

469

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінде 2023 жылдың қазан айында бөлім басшысы Н.Каптагаеваның төрағалығымен бөлім қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңдардың және Әкімшілік Рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, халыққа мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, жұмысты жетілдіру туралы айтылып, заң талаптары бұзылған жағдайда болатын оның салдары туралы ескерілді. Бөлім бас маманы 9 айда бөлімнің атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ағымдағы жылды жақсы нәтижемен аяқтау үшін ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оған жол бермеу, мемлекеттік қызметімізді адал орындау – бәріміздің ортақ мақсатымыз деп бөлім басшысы ерекше атап өтті.Шара барысында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар кеңінен айтылып, қатысушыларға арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасатты бол, жемқорлыққа төзімсіздік таныт», «Как правильно сообщить о коррупции» деген постерлеріхалыққа тарату үшін үлестірілді.

Назым Каптагаева, Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз